МГСУ
Пятница, 12 Июнь 2015 12:39

Многоэтажный торгово-офисный центр в городе Астана (Казахстан)

Автор  Гауди
Оцените материал
(13 голосов)

дипломный проект, Архитектура, 2015год, ТарГУ им. М.Х. Дулати, г. Тараз, Республика  Казахстан.

Описание на казахском языке

Дипломдық жұмыс: «Астана қаласындағы көп қабатты кеңсе-сауда ғимаратын жобалау».

Дипломдық жұмысты дайындау барысында төмендегідей мәселелер шешілген:

-             Жоба алдындағы талдау бөлімінде қоғамдық үйлердің, соның ішінде жұмыс істеу және сауда жүргізуге арналған ғимараттардың архитектуралық, жоспарлау шешімдері, үйлердің классификациясына, құрылымына және оларға қойылатын талаптарға талдау жасалынған;

-             Архитектуралық жоспарлау бөлімінде жобаланатын ғимараттың  ішкі технолгиялық процесі, қажетті бөлмелердің құрамы, ауданы және структуралық құрылымы анықталып шешілді. Бұл бөлімде сонымен қатар 0,000;5,000 белгідегі жобаларының шешімдері дайындалды және оларға сәйкес қималар, түйіндер, дайындалған. Ғимараттың (кеңсе-сауда ғимаратын) жалпы  көрінісі, ғимарат қасбеттері дайындалып түстік шешімдері анықталанған. Кеңсе-сауда ғимаратының бас жоспар шешімдері сомдалды. Барлық сызба материалдары және оладың түстік шешімдері компьютерде архитектуралық ArchiCAD, AutoCAD және Lumion бағдарламаларында жасалды.

-             Конструкциялық бөлімінде жобаланатын ғимарат үшін қолданыс тапқан қоғамдық үйлердің конструкциялық шешімдеріне талдау жасалынған және кеңсе-сауда кешенінің конструкциялық шешімдері баяндалған. Конструкциялық элементтердің (іргетас, қабырға, колонна, қарылар, шатыр, еден және есік терезелер) шешімдері тағайындалған.

-             Құрылыс физикасы бөлімінде үйдің сыртқы қоршағыш конструкцияларының (чердакты жамылғының және сыртқы армированный стеклопакет қабырғаларының) жылу техникалық есебі жасалып жылу сақтағыш қабаттардың (жартылай қатты минваталы плитаның) қалыңдықтары есептеліп тағайындалды. Бұл бөлімде сонымен қатар негізгі бөлмелерді жасанды жарықпен қамту есебі шешілген.

Экономика (технико-экономикалық негіздеу) бөлімінде жобаланатын Жұмыс және сауда орталығының жалпы құрылыстық құны және құрылыс монтаж жұмыстарының құны есептелініп анықталды. Жоба бойынша жалпы технико-экономикалық көрсеткіштері есептелінген.

Прочитано 545 раз Последнее изменение Пятница, 12 Июнь 2015 12:51